Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі
агенттігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 21 шілдедегі N 1020 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.06.02 ж. N 704 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. N 98 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігіне бір орынбасары болуына рұқсат етілсін.
3. "Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 қаңтардағы N 8 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 5-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 1999 жылғы 21
шілдедегі N 1020 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Көшi-қон және
демография жөнiндегi агенттiгi туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Yкiмет құрамына кiрмейтiн, заңдарда көзделген шектерде, - көшi-қон және демография саласындағы басшылықты, сондай-ақ салалық үйлестiрудi, өзге де арнайы атқарушылық және шешушi функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.